Атырау, 27 қараша 18:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Cұрапыл жылдардағы махаббат жайлы спектакль

3 208 просмотра

Бүгін, 4 сәуір күні Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрда жазушы Мәлік ОТАРБАЕВТЫҢ «Баянды бақ» (Өң мен түс) спектаклінің премьерасы өтеді. Осыған орай, 3 сәуір күні театрда баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Конференцияға автор М.Отарбаев, спектакльдің қоюшы режиссері Мұқанғали Томанов, қоюшы суретшісі Темірбек Мұхтаров, театрдың көркемдік жетекшісі, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев қатысты.

Спектакль месхетиндік түріктердің тағдыры туралы. Олар Месхетия жерін немістер басып алады деген желеумен 1944 жылы өз туған жерлерінен жер аударылады. Олардың барлығын «азап пойызына» мінгізіп, Орта Азия жеріне, яғни, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан аумағына айдап әкеледі. Бас кейіпкерлер Жасмин мен Әкбар бұл кезде жаңадан отау құрған жастар еді. Күйеуі вагоннан секіріп, Түркияға қашып үлгергенмен, аяғы ауыр Жасмин секіре алмай, Қазақстанда қалады. Осылайша Жасмин күйеуімен қайта қауышуды өмір бойы армандайды.  

- Оқыған бойыда бұл пьеса маған ерекше әсер етті, жүрегімді қозғады, - деді баспасөз конференциясына қатысып отырған актриса Анета БАЕТОВА - Қателеспесем, бұл тақырыптағы спектакльдер бізде әлі сахналанбаған сияқты.

Ал, осы спектакльдің хореграфы Гүлсина БАЙКЕНОВА пьеса жүректерден орын алатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, осындай шығармалар елге қажет, халықтар бірлігін, достығын нығайту үшін керек.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

«АЖ» анықтамасы:
Мәлік Отарбаев – жазушы, аудармашы, «Түрксой» ұйымының Қазақстандағы өкілі. Жамбыл облысы Байзақ  ауданының тумасы.


4 сәуір 2017, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.