Атырау қалалық №2 сотында пара алды деп айыпталған («“Өртелген пара” туралы іс») УГ 157/10 мекемесінің (қоныс колониясы) бұрынғы аға жедел уәкілі Амангелді ҒҰБАЙДУЛЛИНГЕ қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.
31 наурызда сот отырысында айыптау мен қорғау тараптарының жарыссөзі өтті. Сотталушы соңғы сөзінде өз кінәсін мойындамады. Істе зардап шегуші ретінде өтіп жатқан Еркін ОРЫНБАСАРОВТЫҢ өзінің көлігіне ақшаны салып жібергенін мәлімдеді: «Орынбасаров шартты-мерзімді босату бойынша бостандыққа шыққысы келді. Шамасы, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен келісімі болған шығар. Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің статистикасына айналдым».
3 сәуірде судья Айгүл ТӘШЕНОВА А.Ғұбайдуллинді ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы («Қорқытып алу арқылы пара алу») бойынша кінәлі деп танып, пара сомасының 70 есе мөлшеріндегі, яғни, 3,5 миллион теңге айыппұл, әділет капитаны шенінен айырып, өмір бойына мемлекеттік қызмет лауазымында жұмыс істеу құқығынан айыру түрінде жаза белгілеу туралы үкімді жария етті.
Үкіммен белгіленген айыппұл сомасы 200 мың теңгеге азайтылды. Судья айтқандай, 2016 жылдың 9 қыркүйегі мен 2017 жылдың 3 сәуірі аралығында Ғұбайдуллиннің қамауда болуы «есепке» алынған. Сотталушы сот залында қамаудан босатылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ