29 наурызда күшті желдің салдарынан Атырау облысында бес жеңіл көлік зардап шекті. Қожайындары өтемақы ала алады ма, бұл жағы белгісіз.
Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың 15 тамызында осындай жағдай орын алды. Сол күні Атырауда да ұйтқыған жел соғып, соның салдарынан салық комитетінің жанында көліктер тұрған жерде техникалық қызмет көрсету станциясы (ТҚКС) ғимаратынан ұшып түскен жабын сол жерде тұрған бірнеше көлікті бүлдірді. Алдымен зардап шегушілер техникалық қызмет көрсету станциясы қожайындарына жүгінді, бірақ олар біз емес, ауа-райы кінәлі деп, жауапкершілік алудан бас тартты.
Сол кезде басқалардың гөрі қала тұрғыны Ержан НҰРШАНОВТЫҢ көлігі көп зардап шеккен еді. Құлаған жабын көліктің төбесін тесіп шығып, көліктің артқы орындығын майыстырып тастады. Бұл шанақтың геометриясын бұзып, қалпына келтіру мүмкіндігін жоққа шығарды. Нұржан барлық ереже бойынша әрекет етті: бұл көріністі суретке және бейнежазбаға түсіріп, оқиға орнына ТЖД, МАИ, құрылыс бөлімінің өкілдерін шақырды. Содан соң мамандардың көмегімен мүлікке бағалау жүргізіп, бүкіл қажетті анықтамаларды жинап, ТҚКС қожайындарын сотқа берді.
– Біз брінші сатыдағы сотта ұтылып қалдық. Апелляция беріп, қайтадан ұтылдық, - дейді Е.Нұршанов. – Жауапкер тарап өз шатырларының жөнделмегенін, әуел бастан оның дұрыс жасалғанын растады. Полиция арқылы олай еместігін дәлелдейтін құжаттар алып, сотқа ұсындық: өйткені, осы оқиғадан соң ТҚКС қожайындары өз тарапынан шатырдың сапасыз жөнделуіне байланысты құрылысшыларды жауапкершілікке тартуға тырысып, полицияға арыз берген екен. Бірақ бұған ешкім де назар аудармады.
Бәлкім, көліктері аса қатты бүліне қоймаған көлік қожайындарының әрекеті дұрыс шығар: зиянды бағалап, өздеріне шаң жуытпай отырған ТҚКС қожайындарынан ақша өндіріп алу мүмкіндігін шамалаған олар, жүйкелерін жұқартпай, сотқа бермеуді ұйғарған. Сонда, мұндай жағдайда көп нәрсе жауапкердің ұстанымына байланысты болғаны. Шатыры ұшып, бірнеше көлікті бүлдірген мейрамханалардың бірінің қожайыны еш сөзсіз өзіне жауапкершілік алды деседі.
Зульфия ИСКАЛИЕВА