Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі ұйтқыған жел жылдамдығы секундына 22 м-ге жеткен кешегі ауа-райының салдары туралы хабарлады.
Атыраудағы Смағұлов көшесі, 56 в мекен-жайындағы үйдің шатырын жұлып кетті. Индербор поселкесіндегі екі нысанның, сондай-ақ, Мақат поселкесіндегі бір нысан мен Доссор поселкесіндегі бір нысанның шатырлары түгелдей бүлінді. Исатай ауданындағы Х.Ерғалиев ауылында бір ғимарат зардап шекті, бес автокөлік – Атырау қаласында төрт машина мен Индер ауданында бір машина ұшып кеткен шатыр сынықтарының астында қалды.
Облыс орталығында жел салдарынан екі терек пен бір электр тарату бағаны құлады. Студенческий өткелі, 52 және Азаттық даңғылы, 159 «б» мекен-жайындағы үйлердің жабынқыштары мен металл жабындарын қосқанда шатырдың және балкон қаптамаларының бүлінгені тіркелді. Қазіргі кезде АМУ №3 оқу корпусының, №31 мектеп-гимназиясының және Мұнай және газ университетінің оқу корпусының бүлінген шатырлары шұғыл жөндеуді қажет етіп тұр.
Марат ТАКУЛИН