Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қалалық №3 бөлімі Балықшыдан Жылжымайтын мүлік орталығының ғимаратына көшті.
- Қалалық бөлімнен бөлек Жылыой мен Махамбет аудандарындағы бөлімдеріміз де жаңа орынға көшті. Бұл Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) алаңының кеңеюіне байланысты. Жаңа кеңселер бұрынғыдан 2-3 есеге үлкен, - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИ. Мәселен, Махамбет ауданындағы ХҚКО бұрын 122 шаршы метр алаңда орналасты. Ал енді 265 шаршы метрге көшіп отыр. Бұрынғы Жылыой ауданының ХҚКО ғимаратында 265 шаршы метр алаң болса, енді 810 шаршы метр. Бұрын Балықшыдағы поселкелік әкімдік ғимаратының 1-қабатында орналасқан қалалық №3 бөлімге келушілер де оның тар әрі қолайсыз екендігіне шағымданатын еді. Сондықтан ХҚКО-ны Азаттық, 96 «Б» мекенжайындағы Жылжымайтын мүлік орталығы ғимаратының 1-қабатына көшірді. Н.Бақтығали атап өткендей, тұрғындар белгілі бір ХҚКО-на «бекітілмейді»: барлық кеңселерде бірыңғай дерекқор бар. Өткен жылы Атырау облысының орталықтары 1 млн 200 мың құжаттар қабылдады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Cуретті түсірген Марат ТАКУЛИН