27 наурызда сағат 18.30-да Атырауда Құрманғазы көшесінде маршруттық автобус жолдың жиегіне шығып кетті.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА ұсынған ақпарат бойынша, «автобус жол ернеуіне соқтығысып, жолдың жиегіне шығып кеткен».
Құрбан болғандар жоқ, екі жолаушыға медициналық тексеру қажет болып, содан кейін оларды үйлеріне жіберді.
Жол апатының себебі анықталуда. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жолдарды, басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы») бойынша хаттама жасақталды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Сурет әлеуметтік желіден алынды