Атырау, 27 қараша 18:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ақшалы поляктар Атыраудан қызықты жобалар күтеді

2 269 просмотра


Польшаның құрылыс кластерінің атынан кәсіпкерлер тобы бүгін, 27 наурызда Атырау облысына келді. Оларды мұнай өңірінің экономикалық әлеуеті қызықтырып отыр. Ал табысты мердігерлік үшін Польша біздің өңірімізге қомақты инвестициялар салуға әзір.

Польшалық бизнесті президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің Польша Республикасына өткен жылы барған сапарында Қазақстанға шақырған еді. Ол еліміздегі қызықтыратын келешекті суреттеп берді. Осыдан кейін елімізге түрлі сала бойынша бірнеше польшалық делегациялар келе бастады. Атырауға польшалық 18 құрылысшының келу сапарын ҚР-дағы Польша елшілігі мен облыстық әкімдік ұйымдастырды.

Делегацияға қатысушылардың айтуынша, оларды бірлескен жобаларды жасау мүмкіндіктері қызықтырып отыр. Бұл жобаларды польшалық тарап қаржыландыруға әзір. Айта кету керек, топ құрамында Польшаның мемлекеттік даму банкі мен экспорттық сақтандыру бойынша мемлекеттік компания өкілдері бар.

Басты шарт – екі жаққа тиімді серіктестік және жобаға польшалық компаниялардың қатысуы.

Кездесу модераторы, құрылыс экспортшыларының польшалық кластері басқармасының вице-президенті Анджей КОЗЛОВСКИ жергілікті қатысушылардың бірінің өңірге польшалық тараптың салуға әзір болып отырған инвестиция сомасы туралы сұрағына форматқа қарамастан былай деп жауап берді:

- Біз ақша алып келдік, бірақ ешкім де алғашқы қадамнан-ақ инвестиция салмайды. Біз алдымен сіздермен бірге қызықты жоба жасағымыз келеді. Ал инвестициялар содан кейін болады. Польша Еуроодақтан өте көп ақша алды, осы ақшалардың арқасында біз технологиялар мен компания құрылымдарын, бизнес жүргізуді өзгерттік. Бүгінде бізге достарымызға келетін уақыт келді. Біздің тәжірибеміз және қаржымыз арқылы өзара тиімді серіктестік жолдарын табуға болады. Бізді бар сала қызықтырады – мұнай секторы, инфрақұрылымдық жобалар, баспана, қандай сала болса да... Біз келіп, құрылыста жұмыс жасауға әзірміз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

27 наурыз 2017, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.