22 наурызда Наурыз мейрамы кезінде Атырауда көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Қ.Сәтпаев көшесінің бойындағы бір жақты көлік қозғалысы уақытша жабылады: Қ.Сәтпаев - Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысынан Қ.Сәтпаев-Қ.Ерниязов көшелерінің қиылысына дейін.
Жолаушылар көлігін қосқанда, бүкіл көлік орталық көпірден түскен кезде (қаланың еуропалық бөлігі) айналма бағытпен жүретін болады: А.Пушкин көшесінің бойымен Б.Жарбосынов көшесіне дейін, әрі қарай Қ. Ерниязов көшесімен қиылысқа дейін.
Көлік қозғалысын шектеу 20 наурызда сағат 09.00-ден бастап 23 наурыз сағат 14.00-ге дейін қолданыста болады.
Негізгі мерекелік салтанаттар Исатай-Махамбет алаңының маңында өтеді. Осыған байланысты бұл бағыттар бойынша автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Атырау тұрғындары мен меймандарынан қабылданған жол қауіпсіздігі шараларына түсіністікпен қарауларын өтінеміз.
Атырау қалалық әкімдігі