«АЖ» редакциясына Жылыой ауданындағы балықтардың жаппай қырылуы туралы бейнежазба келіп түсті. Кадрларды жергілікті тұрғындар 18 наурызда түсірген екен. Авторлар балықтар қырылған су айдынын атамай, былай деп комментарий береді:
- Мынау Жылыойдың балығы. Жергілікті тұрғындарға аулатпаған балық, әрқайсысына 48 мың теңге айыппұл салған. Балықтар кілем болып жатыр. Осыны халыққа берсе, тамақ қылады ғой. Бұл жерде мөңке, басқа балықтар шашылып жатыр. Мынау мұз бетіне шыққаны тек, мұз астында қаншасы жатыр. Жағалаудан екі метр жердегі мұз кететін болса су көрінбей қалады. Үкімет қайда қарап отыр?
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ