Атырау, 20 желтоқсан 00:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Облыс әкімінің құрылыс жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды

4 430 рет қаралды


Бүгін, 18 наурызда актив жиналысында облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «өз еркімен» жұмыстан босату туралы берген өтінішіне сәйкес облыс әкімінің құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВТІ лауазымынан босатқанын хабарлады.

- Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің келісімімен менің өкімім бойынша облыс әкімінің құрылыс мәселелері жөніндегі жаңа орынбасары болып Жасұлан Асқарұлы СҮЙІНШӘЛИЕВ тағайындалды, - деді Ноғаев.

Кезінде 39 жастағы Ж.Сүйіншәлиев Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы, ал осы қызметке тағайындалмас бұрын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жолдады

18 наурыз 2017, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.