12 наурызда «Атырау» футбол командасы «Ордабасымен» (Шымкент) көшпелі матч өткізді.
Қожайындар бірден меймандар қақпасын қоршап алды, ал олар қарсы шабуылмен жауап берді. Бірінші таймда гол соғылмады. Кездесу аяғына қарай «Атыраудың» жолы болды: айыппұл добы соғылғаннан кейін хорваттық легионер Юре ОБШИВАЦ ерекшеленді. Бұл 82-ші минутта орын алды, алайда біздің командамызға жеңіс есебін ұстап қалудың сәті түспеді. Қосымша берілген 4-ші минутта қожайындардан Мардан ТӨЛЕБЕК гол салды.
«Атырау» келесі матчын 18 наурызда өз жерінде павлодарлық «Ертіспен» ойнайды.
Марат ТАКУЛИН