Атырау, 27 қараша 20:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Береке: нашар салынған үйлер құлап қалмай ма?

3 182 просмотра

Атыраудан бюджеттік баспана салу кезінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МСҚБ) басшысының уақытша міндетін атқарушы Асылбек ОМАРҚҰЛОВ.

Жаңа Береке ықшамауданында салынып жатқан тұрғын нысандар мысалға алынды. Мәселен, қараңғы кезде жұмысшылар бұл жерде жарықсыз еңбек еткен, көпшілігінде арнайы киімдер, каскалар, қолғаптар жоқ. Құрылыс алаңдары әрлі-берлі өтетін ауланы еске салады, өйткені айналасы дұрыс қоршалмаған. Техникалық құжаттамада да бірқатар сәйкессіздіктер анықталды. Тексеру қорытындылары бойынша құрылысқа қатысушылардың барлығына (бас мердігер, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау) жалпы сомасы 3 500 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Омарқұлов сонымен қатар, 2016 жылы МСҚБ басқармасының құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 853 хабарлама қабылдағанын атап өтті. Мұнда келіспеушілік туралы 6 акт жасақталды. Өткен жылы МСҚБ мамандары 271 нысанды тексеріп шыққан және 24 нысанды жоспардан тыс тексерген. Ескертулер мен оларды жою мерзімдері көрсетілген 49 ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 8 млн 738 мың теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды. Ал техникалық қадағалаудың үш сарапшысына тек айыппұл ғана қолданылмай, олардың аттестаттары тоқтатылды.

Брифинг барысында тұрғын құрылыстар мен жанармай бекетінің арасындағы минималды қашықтық қандай болуы тиіс деген сұрақ қойылды. Соңғы жылдары Атырауда бұл өзекті мәселеге айналған.

Омарқұлов нақты айта алмады. Біз онымен брифингтен кейін хабарласып, 50 метр болады деген жауап алдық. Бірақ бұл цифр отын құйылған резервуар көлемі мен жанармайдың тәулігіне өткізу қабілетіне қарай 100-ге дейін көбеюі мүмкін.

- Береке ықшамауданындағы құрылысқа қатысты нақтылағым келеді. Иә, ол жерде заң бұзушылықтар болды. Бірақ олар салмақ түсетін және қоршалатын құрылымдарға қатысты емес. Олай болмаған жағдайда нысандардағы жұмыс тоқтатылар еді, - деді Омарқұлов.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

10 наурыз 2017, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.