Атырау, 19 желтоқсан 23:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Мұз жұқара бастады

3 266 рет қаралды

Мұздың үстімен жүру қауіпті, - деп ескертеді БӨАЖҚЖ ММ сүңгуір-құтқару бөлімінің басшысы Самат ҚҰМАШЕВ.

Оның ақпараты бойынша, Құрманғазы ауданының Шарон мен Қиғаш өзендерінде қазіргі уақытта мұз жоқ. Құлсары қаласының Қамыскөл көліндегі мұздың орташа қалыңдығы – 38 см, Махамбет пен Индер аудандарындағы Жайықта - 32-35 см. Атырау қаласының шеңберіндегі мұз одан да жұқа – 15 см.

- Оның үстіне, әрі жұмсақ. Қауіпті мұз ойықтары да түзіледі. Көпір маңына жақын жерлер, жылымдар, балықшылар ойған шұңқырлар анағұрлым қауіпті жерлер. Қазіргі уақытта мұзды жару үшін өзенге кеме түсіру мәселесі шешілуде, - деді Құрмашев.

ТЖД инженері Айгүл КАРТИМОВАНЫҢ айтуынша, өткен жылы 23 ақпан мен 16 сәуір аралығында облыстың су қоймаларына 13 адам суға кеткен. Олардың ішінде ең жасы 23-те болған. Биыл, бағына қарай, құрбан болғандар жоқ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

6 наурыз 2017, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.