Атырау, 27 қараша 21:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Депутат Хаменова желідегі мазақ видеолар мен мемдердің көңілге тигенін айтты

8 965 просмотра
Фото: parlam.kz

"Көңілге тиді, бірақ уақыт - емші". Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Парламент палаталарының біріккен отырысындағы сөзіне қатысты пайда болған видеолар мен мемдерге қатысты осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қанша адам болса, сонша пікір болады, бізде түсіну болуы керек. Ал жеке басты қорлау - әрбір адамның өз деңгейі. Мен екі мәрте мәслихат депутаты болып сайландым, қазір Мәжілістемін. Сіздер де сүйек пен еттен жаралғансыздар. Әрине, жағымсыз болды, көңілге тиді. Халық мені неге түсінбеді. "Жастыққа көз жасымды малып жыладым" немесе ренжіп қалдым деп айта алмаймын. Түсінбегендіктен біртүрлі сезімде болдым. Бірақ уақыт өте келе ұмытылар деп есептеймін", - деп пікір білдірді Хаменова. 

Депутат Парламент палаталарының біріккен отырысында шын жүректен сөйлегенін айтады.  

"Мен Елбасыны сүйемін. "Мен Президентпен "көзімді аштым". Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымын. Президентке жүрекжарды сөзімді неге айта алмаймын? Әркімнің өз пікірі бар, ешкімге өзгеше ойлауға тыйым сала алмаймыз. Әрине, өңірлерде шешілмеген мәселелер бар деп жатыр. Халық наразы, бірақ мұның барлығына да Президенттің кінәсі деуге болмайды ғой. Депутаттар да кінәлі. Әр өңірдің өз басшысы бар. Осыған жауапты адамдар бар. Әкімі бар", - деді ол. 

Еске салайық, 3 наурызда Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова басты заңда Тұңғыш Президенттің баға жетпес рөлін көрсету қажет деп мәлімдеген еді. Ол Конституцияның 91-бабының 2-пунктінде мызғымас құндылықтарға елдің мемлекеттік тәуелсіздігін ғана емес, Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаушы, көшбасшы әрі негізін құрушы ұстанымдары мен статусын енгізу керек екенін айтқан. 

"Конституциялық реформаның жобасын бүкілхалықтық талқылау барысында сайлаушыларымыз осы бастамаларды қолдады. Тұңғыш Президенттің есімін Астана Халықаралық әуежайына, тағы да басқа нысандар мен кәсіпорындарға беру туралы ұсыныстар айтылды", - деген еді депутат бірінші біріккен отырыста. 

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары депутаттың бұл сөзіне мазақ, әзіл, күлкі қосып, мемдер мен роликтер жасай бастады.  

Ал бұған дейін Бақытгүл Хаменова Астананы Елбасы қаласы деп атайық деген ұсыныс айтқан.

Дереккөз: tengrinews.kz 

6 наурыз 2017, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.