Атырау, 27 қараша 21:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​«Сарайшық» базарында ет бағасы қандай?

6 199 просмотра


Мені үнемі бюджет қаржысына салынған «Сарайшық» коммуналдық базарында саудагерлердің ет бағасын «Дина» жеке базарындағы еттің бағасымен бірдей етіп ұстайтындығы таң қалдыратын.

4 наурызда таңертең «Сарайшық» базарына ет алуға келдім. Сатушылардың барлығы, келісіп қойғандай, бір келі еттің бағасын 1500 теңгеден ұстап тұр. Сол күні бұл жерде тек сиыр еті сатылды.

Мен базар әкімшілігі ілген ет бағасына назар аудардым: сиыр еті (жауырын, төс еті) - 1200 теңге, сүйекті қой еті - 1000-1200, сүйекті жылқы еті - 1500 теңге деп жазылып тұр. Сатушыдан сұрадым: баға көрсеткіші тұр ғой, неліктен сіз маған төс етін 1500-ден сатып тұрсыз?

- Ал ол ескі баға, базар әкімшілігі ертең алып тастауға уәде берді, - деп жауап берді қу қыз.

Одан етті 1500 теңгеден сатып алдым да, басқа сатушыға барып сол сұрақты қойдым. Ет сатып тұрғандар сыбырласып, сатушы мені танығанын айтып, тілші екенімді біліп, қой қабырғасын 1200 теңгеден ұсынды.

Әкімшілікке бардым. «Сарайшық» базарының директоры Қадырғали ТҰРҒАНОВ ілулі тұрған бағалар 27 ақпаннан бастап қолданыста екенін, олардың қалалық кәсіпкерлік бөлімінде бекітілгенін айтты.  Бұған дейін бір келі сүйекті сиыр еті ресми түрде бұл жерде 1300 теңге болыпты.

- Ақпарат үшін айтайын: қаладағы көтерме базарларда сиыр етінің бағасы баяғыда 1380 теңгеге дейін көтерілді және әлі сол деңгейде тұр, - деді Тұрғанов.

- Ендеше неліктен «Атырау» ӘКК «интервенция» жүргізбейді, қарапайым тілмен айтсақ, қала базарларына төменгі бағамен еттерді жеткізбейді? Өйткені өткен жылдары бюджетке «ет интервенциясына» ақшалар салынды ғой.

- Бұл сұрақты «Атырау» ӘКК басшылығына қойыңыз…

Тұрғанов базар әкімшісі Гүлшат ШӘКИЕВАҒА жоғары бағамен ет сату фактісін анықтауды тапсырды. Біз ет павильонына келген кезде әлгі қу қызды орнынан таба алмадық. Шамасы, айқай болатынын білген соң тығылып қалса керек.

- Шағым жазыңыз, мәселені анықтаймыз, – деді Шәкиева.

- Газетке жазамын, - дедім мен. Сосын жаздым, өйткені бұл тек маған ғана қатысты жайт емес.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

4 наурыз 2017, 23:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.