№2 Атырау қалалық сотының тергеу судьясы кісі өлтірді деп күдіктелген 27 жастағы екі Атырау тұрғынына қатысты қамауға алуға санкция берді.
Бұл қала маңындағы Бірлік поселкесінде орын алды. Үш адам ішімдік ішуді ұйғарып, бірі қалғандарын өз үйіне шақырады. Дастархан басында үй қожайыны мен қонақтардың бірінің арасында ұрыс-керіс басталады. Қонақ жерден арақтан босаған бөтелкені алып, қожайынның басынан ұрып жібереді. Әлгі құлап, есінен танып қалады. Содан кейін екі бөтелкелес оны бірлесіп футболкамен буындырады. ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бабының 7-тармағы («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының адам өлтіруі») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ