Атырау, 27 қараша 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ожаев облыстық мәслихат депутаттығына үміткер

3 308 просмотра

Қаланың бұрынғы әкімі Н. Ожаев
26 наурызда облыстық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді. Бұл облыстық аймақтық комиссия төрағасы Асау ИБРАШОВТЫҢ қатысуымен болған аймақтық коммуникациялар қызметі брифингінің тақырыбы болды.

Облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы №1, 3, 23, ал, қалалық №2, 6, 8 сайлау округтары бойынша өткізілетін болады. Дауыс беру 38 сайлау учаскесінде өткізіледі.

З18 кандидат тіркеліп отыр. Облыстық аймақтық комиссияның анықтамаларында жазылғандай, депутаттардың барлығының да ұлты қазақ, барлығы да жоғары білімді. Олардың 12-сі өзін-өзі ұсынғандар, 6-уын «Нұр Отан» партиясының облыстық және қалалық филиалдары ұсынып отыр. Облыстық мәслихатқа партиядан ұсынылғандар арасында Атырау қаласының бұрынғы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ та бар.

- Барлық кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне тиісті куәліктер берілді. 2 наурызда сайлау алды науқаны басталады. 6 наурыздан кешікпей барлық сайлау комиссиялары сайлаушылардың тізімін ұсынуға тиісті, -деп хабарлады Ибрашев.

Тамара СУХОМЛИНОВА

2 наурыз 2017, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.