Елбасының жарлығымен Айтжан ДОСМАҒАМБЕТОВА Қызылқоға аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұдан бұрын ол Махамбет аудандық сотының судьясы болған еді.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Ғизатолла ОТАРҰЛЫ (бұдан бұрын Атырау қалалық сотының судьясы болған) тағайындалды. Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Асхат САУДАБАЕВ (бұдан бұрын Жылыой аудандық сотының төрағасы болған) тағайындалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ