Бұл бейнежазбаны «АЖ»-ға қала маңындағы Еркінқала-2 поселкесіндегі №27 көше тұрғындары жолдады.
- Міне, мынаны су жүргізу мақсатында жергілікті билік жүргізді. Қазып, тұрба салды, бірақ кері көміп, топырағын нығыздауға ұмытып кеткен. Міне, мына жерде құдық бар, шұңқырдың тереңдігі бір жарым метр. Ал егер бала немесе біреудің малы түсіп кетсе, мәселен, ешкім де жауапкершілік алмайды... – деп комментарий береді кадр сыртындағы дауыс.
Қалалық құрылыс бөлімінің анықтамасына сәйкес, Еркінқала ауылдық округіндегі 2016-17 жылдардағы инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым құрылысы бойынша жоба мердігерлері - «Атыраукөлік» ЖШС мен «Карасайстройсервис» ЖШС.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ