Атырау, 27 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қармен бірге шайылған миллиондар

Бейнежазба
4 428 просмотра

Өткен жылдың күзінде Атырау облысының Жылыой және Индер аудандарында бюджет қаржысына жолдардың шұңқырларын жамау жұмыстары атқарылды. Тапсырысшылар жолдардың сапалы болатынына сендірген болатын. Ал мердігерлер жұмысын аяз түсіп, қар жауса да тоқтатпады. Жұмыс барысын назарда ұстаған жергілікті тұрғындар жаңа жамаулардың ұзаққа шыдайтынына күмән келтірген болатын. Енді міне, бүгінде қар еріп, жер босағаннан кейін, шынымен де, жаңа асфальттың ойраны шығып қалды. 

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ

Өткен жылы Құлсары қаласындағы бірнеше көшелерде  шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілген болатын.

- Жөндеу басталған кезде біз қатты қуанып едік. Енді не болғанын қараңыз! Асфальт қабаты үгітіліп, жаңадан шұрқ-тесіктер пайда болған, щебеньдер әр жерде шашылып жатыр, - дейді Құлсары қаласының тұрғындары.

Өткен жылы Махамбет даңғылы, СМП-224, Төлес көшелерінің шұңқырларын жамап-жасқау жұмысына бюджеттен 54 млн теңге бөлінді. Мердігер - «Атыраукөлік» ЖШС-іне осы көшелердегі 25 мың шаршы метр жол жұмысын атқаруы міндеттелген болатын. Кейін белгілі болғандай, қаржы кеш бөлініп, жұмыс өткен жылдың қазанында басталған. 

- ЖШС күрделі жөндеу емес, тас жолдың ой-шұңқырын жамау жұмысын ғана атқарды. Оған қоса, аталған көшелердегі жолдарды жамаумен шектелмей, қосымша асфальтты қабат төседі. Ал бұл жобада көрсетілмеген. Бірақ, қыста ауа райы бір салқындап, бір жылып тұрғанда қар еріп, артынан мұзға айналып, асфальт жабындысын бүлдірген. Біз мердігерге хат жолдадық, олардың әлі екі жыл кепілдік мерзімі бар, - дейді Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер бөлімінің басшысы Ернар ЫСМАҒҰЛОВ.

Мердігерлер өз қаражаттары есебінен жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге міндеттелді.   


ИНДЕР АУДАНЫ

Индербор кентінің тұрғындары да өткен жылы жөнделген жолдардың сапасына көңілдері толмайды.

- Неге әкімдік салқын түскенде жұмысты тоқтатпады? – деп шамданады тұрғындар. - Бұл халықтың ақшасы ғой! Салқын күндері жөндеу жұмысының сапасыз жасалатынын, күн жылынған соң жарықтар пайда болатынын білді ғой.

Индербор кентінің әкімі Алмас ҚҰСАЙЫНОВ тұрғындардың шағымына орай сабырлы қалпында былай деп жауап берді:

- Қонаев және Тұхфатов көшелерінің ой-шұңқырын жамау жұмысына бюджеттен 3 млн 600 мың теңге бөлінді. Мердігер - «БекетСәтЖол» ЖШС-нің әлі екі жыл кепілдік мерзімі бар. Біз мердігерге хат жаздық, олар жолды өз қаражатына жасап беретініне сендіріп отыр. Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 ақпан 2017, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.