Атырау, 27 қараша 21:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Көрші облыстың су көзін пайдаланады

3 201 просмотра

Атырау облысының әкімдігі бәленбай миллиард теңгелік жобаны мұнай астанасы мен өңірдің елді мекендерін көрші Ақтөбе облысының жерасты бұлақтарының суымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Редакция сауалына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ былай хабарлады:

- Атырау қаласы мен облыстың елді мекендерін сумен қамту мақсатында Ақтөбе облысының жерасты суларын пайдалану мәселесі қаралуда.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының аумағында су дебиті тәулігіне 201,5 мың текше метр болатын Көкжиде су кеніші бар (салыстыру үшін: Атырау қаласының су тазарту құрылғыларының су құбыры жүйесіне су беруі тәулігіне 70-75 мың текше метрді құрайды – М.С.). Ағымдағы жылы Ақтөбе облысының әкімдігі жерасты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында гидрогеологиялық барлау жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын бастады.

Мұғалжардағы су көздері Жылыой ауданының Құлсары қаласынан 300 шақырым жердегі қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта Атырау қаласы мен облыстың елді мекендерінде су тұтыну көлемі нақтылануда.

Көкжиде кенішіндегі судың минералдануы бір текше дециметрге 0,2-0,3 граммды құрайды. Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданының аз тұзды минералданған Жаңасу жерасты суын пайдаланудан бас тартпай отыр. Өйткені, ол біздің өңіріміздің резерві болып табылады. Жаңасу жерасты суының минералдануы бір текше метрге 2,2-3,0 граммды құрайды. Қазіргі кезде суды тұщыту және бұл жерге инвесторларды тарту нұсқасы қарастырылуда. Ақтөбе облысының жерасты суларының қорларын қайта бағалау аяқталғаннан кейін су құбыры желілерін салу мәселесі қаралатын болады. Жоба құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталғаннан кейін нақтыланбақ.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 ақпан 2017, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.