«Жүректен жүрекке» қоғамдық ұйымының атыраулық еріктілерінің бастамасымен синти-поп стиліндегі орындаушы Ғалымжан МОЛДАНАЗАРДЫҢ «Мейірімді бол» әніне бейнеклип түсірілді.
Мұндай клипті түсіру Молданазардың жанкүйері болып келетін жергілікті ерікті Мұратбек КӘРІМНІҢ идеясы.
«Жүректен жүрекке» филиалының жетекшісі Әйгерім ДОСҚАЛИЕВА бұл идеяны бірден қолдады:
- Біз әрине, Ғалымжан Молданазарға хабарласып, оның әніне клип түсіруге келісімін алдық. Клип біздің «Күлкі терапиясы» акциясы барысында облыстық балалар ауруханасында және Қарттар үйінде өткізген концертіміз кезінде түсірілді. Кардлардың бір бөлігі Алматыда түсірілген.
Еріктілер түсірілім жасау үшін Алматыдан «АҚШ-тағы қазақстандықтар» жобасынан кейін танымал болған арнайы режиссер Қанат БЕЙСЕКЕЕВТІ шақырды. Клип жақында Youtube-қа шықты.
Айнұр САПАРОВА