Атырау, 29 наурыз 11:56
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қуаныш сыйлайтын бизнес

PR
3 812 просмотра


Екі жыл бұрын атыраулық кәсіпкер Айбар ЖАНИЯЗОВ дене бітімін ұстап тұру үшін тенниспен айналысуды ұйғарады. Алайда, Атыраудағы жалғыз теннис кортына ілігу мүмкін емес еді. Сөйтіп ол өзі үшін де, басқалар үшін де «Неліктен өз теннис клубымды ашпасқа?!» деген ойға келеді. Ал одан кейін әрі қарай дами берді. Осылайша бір адамның қызығушылығының арқасында теннис клубынан бөлек, қаладағы алғашқы «Каспий» ат спорт клубы пайда болды.

Бірнеше жыл бұрын Айбар Жаниязов өз бизнесі үшін 10 гектар алаңы бар жер телімін сатып алды. Оның негізгі бизнесі – арнайы техникалар сату болатын. Бұл қызмет үшін үш гектар жер әбден жеткілікті еді, ал қалған жер бос қалды. Телім бұрын салынып бітпеген су тазарту құрылғысы ғимаратының қираған үйінділерімен бірге сатып алынған еді. Былайша айтқанда, жалпы көрінісі кейіпсіз болатын.

- Мәскеуде болғанда бос уақытымда тенниспен айналысатын едім, одан оралған кезде Атырауда да жалғастыруды ұйғардым. Бірақ, бұл проблемаға айналды: Атырауда онымен айналысатын ешбір жер жоқ екен. Сол кезде бізде «Мұнайшы» ДСК-де жалғыз теннис корты болды. Бірақ, ол жерге кіру уақыты минутпен жазылған. Күндіз балалар, кешке ересектер айналысады. Бос болатын кезді табу өте қиын еді, - деп әңгімелейді Айбар. – Сол кезде «орын бар, неліктен өз кортымды ашпасқа?!» деген ой келді.

Айбар өз қаржысына қираған ғимараттың орнына кең жаңа орынжай салды. Осы орында екі жылдан бері «Каспий» теннис клубы жұмыс жасап келеді. Бұл жерде екі корт, сквош-аймақ, киім шешетін бөлмелер мен осы спортпен айналысу үшін барлық қажетті нәрселер бар.

- Ересектер де, 8 жастан жоғары балалар да келеді. Қалаған кезде, кәсіби жаттықтырушылардан сабақ алуға болады, - деп бөліседі Айбар.


Ал әрі қарай ол ат спортына әуестенген.

- Мені конкурс қызықтырды. Бұл ат спортының өте тартымды түрі. Мұнда ат та, шабандоз да біртұтас болуы және күшті дайындықта болуы тиіс. Егер ат күшке, кедергілерден қарғып өту, тепе-теңдікті сақтау қабілетіне ие болуы тиіс болса, шабандозда батылдық мен табандылық, ішкі түйсігі болуы тиіс. Мен бұл мәселені зерттеуге кірістім. Осы іспен кәсіби түрде шұғылданатын Орынбордағы танысыма барып, оның қолдауымен алдыма қойған мақсатыма жету үшін жұмыс жасай бастадым.



Сөйтіп өткен жылдың желтоқсанында алғашқы әрі әзірге бірден-бір «Каспий» ат спорты клубы өз жұмысын бастады. Ол ешқандай несиесіз, мемлекеттік демеуқаржысыз кәсіпкердің өз қаржысына ұйымдастырылды. Күн сайын ат манежінде балалар да, ересектер де шұғылданады. Кәсіпқой бапкерлер жаңа келген шабандоздарға ер-тоқымға қалай отыруды ғана емес, атты бағындыруды, желіске салу және шоқырақтап жүруді, кедергілерден өту секілді осы саланың қыр-сырына үйретеді.

- Қазір бізде ат спорты үшін арнайы үйретілген 4 ат бар. Ал жалпы қазіргі ат қорамыз 12 ат ұстауға мүмкіндік береді. Егер атыраулықтардан қызығушылықтар мен сұраныстар болып жатса, кеңейетін боламыз, - дейді кәсіпкер.

Дегенмен де, «Каспий» ат спорты клубы кеңеюде:

- Біз әйнек қоршауы бар екінші манежді салуды ұйғардық. Ол арқылы ата-аналар балаларының қалай үйреніп жатқанын бақылай алады.

Сонымен қатар, бұл жерден спорттық садақ ату сабақтарына, жазда – пейнтбол ойнауға жазылуға болатынын білдім. Бірақ, бұл мұнымен бітпейді!


- Жабық футбол алаңы мен аквапарк салу жоспарымызда бар. Қазір техникалық құжаттама әзірлеумен айналысудамыз. Тек ақша табу мақсатында бизнеспен айналысып қана қоймай, қоғамға пайдамыз тиіп, адамдарға қуаныш сыйласақ дейміз. Мен осыған ұмтыламын, -
деді қоштасар кезде Айбар Жаниязов.

Айтқандай, ол адамдарға қуаныш сыйлап келеді!

Луиза ИБРАГИМОВА

22 ақпан 2017, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.