Атырау, 27 қараша 21:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мәскеу мен Киев Чуркинге қатысты БҰҰ мәлімдемесіне бола дауласып жатыр

2 634 просмотра

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресейдің ұйымдағы тұрақты уәкілі Виталий Чуркиннің қазасына орай бір минут үнсіздік жарияланды. Нью-Йорк, 21 ақпан 2017 жыл.
Мәскеу мен Киев арасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі Виталий Чуркиннің қайтыс болуына байланысты жасаған мәлімдемесінен жаңа жанжал туындай бастады.

Ресей осы айда Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететін Украинаны Чуркинді еске алу туралы "кеңес президентінің мәлімдеме жасауына кедергі келтірді" деп айыптады. "Бұл жабайылық және адамшылыққа жат" деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Бұған Құдай өзі әділдігін берер" деді.

Киев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі баспасөзге арнап мәлімдеме жасағанын, сондықтан президенттің мәлімдемесін артық көретінін айтып, өзіне тағылған айыптауды жоққа шығарды. Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Марьяна Бецаның сөзіне қарағанда, Киев "ешнәрсеге кедергі" болмаған. Ол бұған дейін болған жағдайларда Қауіпсіздік кеңесі ортақ мәлімдеме жасап келгенін, бірақ жеке саяси мәлімдеме жасалмағанын айтады.

Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынас Мәскеу 2014 жылы Қырым аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткен соң шиеленісіп кетті. 2016 жылы қарашада Халықаралық қылмыстық соттың жетекші прокуроры Донбастағы қарулы қақтығыс "Украина мен Ресей арасындағы халықаралық қақтығыыспен тең" деген тұжырым жасаған. Ресей - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето қою құқығы бар тұрақты бес мүшесінің бірі.

Дереккөз: Азаттық

22 ақпан 2017, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.