Далада 18 градус аяз, ал Едіге САБУРОВТЫҢ көлікжайында үйреншікті жылу жүйесінсіз үш градус нөлден жоғарыны көрсетіп тұр.
«Атыраугидрогеология» ЖШС бас директорының кеңесшісі Сабуров бұл құпияны ықыласпен бөлісті. Ауладан көлікжайға жақын жерден жұмыстас жолдастарымен бірге 75 метр тереңдікте ұңғыма бұрғылап, ол жерден сорғымен антифриз сорып алатын пластик тұрба өткізген. Тосол кері қарай көлікжайдың «жылы» еден принципі бойынша бетон еденінің астына жүргізілген және жер жылуымен жылынған пластик түтік жүйесіне келеді.
– Мәселен, қазір біздің ұңғымамыздың тереңдігі +13, - дейді Едіге аға. – Аяз минус 25 болған кезде, көлікжайда температураны 0 градус деңгейінен төмен түсірмей ұстап тұру мүмкін болады. Бұл көлік қатып қалмау үшін әбден жеткілікті. Сорғы қуаттылығының өзгеруі арқасында, біз орынжайдағы еденнің жылу бергіштігін де реттей аламыз. Егер сыртта 0 градус көрсетсе, онда орынжайдағы температураны 10 градусқа дейін ұстап тұра аламыз. Ал бұл жүйенің бәрі бәрі тиын-тебен тұрады. Бұған жұмсалатын материалдар қала базарларында қолжетімді. Жоғарғы қуаттылығы 200 ватт болатын қарапайым тұрмыстық сорғы керек. Мұндай жүйе қызмет етуге мұқтаж емес, егер құбыр монтажы сапалы жүргізілген болса, олар 50 жылға дейін қызмет көрсетеді. Егер кенеттен электрмен қамту жүйесінде ақау болса, жүйе ерімейді, өйткені оның ішінде антифриз бар. Бұл электрмен немесе газбен жылытуға қарағанда анағұрлым арзан. Жер – сарқылмайтын энергия көзі. Ол үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Оған қоса мұндай жүйе мүлдем қауіпсіз.
Мұндай жүйені гидрогеология ардагері өз үйінде қолданады, бірақ жазда орынжайды салқындату үшін пайдаланады.
- Жазда ұңғымадағы температура 17 градус шамасын құрайды. Жүйедегі «салқын» антифриз жылуды сіңіріп, осылайша қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді. Өткен жазды, мәселен, біздің отбасымыз бірнеше кондиционерді қоспай өткізді. Айта кету керек, бір орташа кондиционердің қуаттылығы 2000 ватты құрайды, - деп әңгімелейді Едіге аға.
Сабуровтың пікірінше, жылыту немесе салқындату үшін жер жылуын тек тұрмыста ғана емес, басқа мақсаттарда да пайдалануға болады:
– Мәселен, көкөніс сақтау қоймасында. Біз мұны бір ауыл шаруашылығы базасында сынап көрдік. Антифризі бар түтіктерді еденге емес, өнім сақталған орынжай қабырғасына жүргіздік. Әсері сондай болды: жазда ыссы емес, қыста салқын емес, температурада елеулі өзгерістер болмады. Көкөністерді сақтау үшін қажет температурада болды.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН