Атырау, 27 қараша 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қыс қыспаққа алуда

Сурет Бейнежазба
3 717 просмотра

Атырау облысының екі ауданында қардың мол түсуінен жол қатынасы қиындап тұр.

Индер ауданында 15-16 ақпанда қар көп жауды. Индербор кентінің әкімі Алмас ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ айтуынша, қардың қалыңдығы 10-15 см-ге жеткен. Қазір аудан орталығы көшелерінің жолдарын қардан аршу жұмыстары жүруде. Оған он шақты техника мен 30-ға жуық адам тартылған.

Қызылқоға ауданында жағдай бұдан да күрделірек.  

- Басқа ауылдармен және қыстақтармен көлік қатынасы қиындай түскен. Қар әлсін-әлі жауып, боран соғып тұр. Қардың қалыңдығы 40-50 см шамасындай, - дейді аудан әкімі Мақсот МҰҚАНОВ. – Жақында Тайсойған ауылы мен Сорқабақ қыстағының жолдарын аршып келгенбіз. Бірақ, келесі күні боран соғып, жолды қайтадан жауып тастады. Соған қарамастан қардан аршу жұмыстарын қайта жалғастыра береміз. Қазір Миялы-Сағыз жолын қардан аршудамыз. Бұрын тұрғындар осы жолмен Атырауға дейін бес сағатта жететін, ал қазір 11-12 сағат жүреді. Тасшағыл мен Қарабау ауылдарының тұрғындары грейдер арқылы тек «Уаз» көлігімен қатынауда. Себебі, жеңіл көлік жүре алмайды.  

- Қыстақтарда жағдай қалай?

- Алыс қыстақтармен көлік қатынасы әзірге болмағанымен, үнемі телефон арқылы хабарласып, жағдайларын біліп отырмыз. Адамдар тамақтары мен басқа да керек-жарақтарын қар түспей жинап алған.  

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында қар белуардан келеді. Жергілікті тұрғындар өздерінің жылқыларын қар аз жатқан жақын маңдағы ауылға әкеліп ұстауға мәжбүр.  Қазір олар қардан жайылу мүмкін болмағаннан кейін жылқыларды ауласында шөптеп отыр.  



Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны «АЖ» оқырманы жолдады

20 ақпан 2017, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.