Атырау, 27 қараша 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Көлік апатында баланың көз жұмғаны туралы қауесет жалған болып шықты

Бейнежазба
1 970 просмотра

15 ақпанда Құрманғазы ауданының Амангелді ауылында жол-көлік апаты орын алды. «Тойота Ной» көлігі 12 жасар баланы қағып кеткен. Ол ауруханаға жатқызылып, келесі күні шығарылды. Ал Ганюшкинде баланың сол жерде көз жұмғаны туралы қауесет тараған болатын.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, рөлде 31 жастағы РФ азаматы отырған.

- Ол ауа-райының нашарлағанын ескермей қалып, газ құбырының тіреуіш тұрбасына соқтығысқан. Содан соң ауыл тұрғыны, 12 жастағы баланы қағып кеткен. Көлік оқиғасына Құрманғазы АІІБ тергеу жүргізуде.

Біздің мәліметімізше, жол-көлік апатына кінәлі таксист екен, қазір ол Ганюшкинде, оған бірқатар сараптама тағайындалған.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 ақпан 2017, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.