Атырау, 27 қараша 22:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жылыойдағы жолдар жайы

2 544 просмотра

Биыл Жылыой ауданында поселкеішілік 38 шақырым автокөлік жолдары қайта жаңғыртылмақ.

Қазір «Шыңдау» ЖШС жобалық-сметалық құжаттамаларын жасақтауда. 

Өткен жылы Жаңа Қаратон ауылының 1,5 шақырым кіреберіс жолы 54 млн теңгеге жөнделіп, пайдаланылуға берілген болатын. Бұл жұмысты «Армандастар-Атырау» ЖШС орындап шықты. 

- Биыл су мен электр энергиялары жүргізіліп жатқан жаңадан тұрғын үй салынатын аумаққа асфальт төсеу жоспарланып отыр. Жолдың жалпы ұзындығы - 25 км, - деп хабарлады Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ернар ЫСМАҒҰЛОВ. - Сондай-ақ, Құлсары қаласында инфрақұрылымдары салынып жатқан «Атырау» және «Болашақ» ықшам аудандарына 90 шақырым жобалық-сметалық құжаты жоспарда тұр. Құлсары қаласынан екі автокөлік көпірін салу да көзделуде. Қазір Нұрманов-Сариев және Мешіт-Бірінші ықшам аудандарын жалғастыратын көпірлердің жобалық-сметалық құжатын жасақтауға қаражаттың көзі қарастырылуда. 31 км болатын «Ақмешіт» мәдени-тарихи туризм жолын қайта жаңғыртуға 41 млн теңге бөлінді. Мердігер жақында анықталмақ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.