Атырау, 24 қыркүйек 18:38
 дождьВ Атырау +27.9
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Өкпе обыры бірінші орында тұр

4 679 рет қаралды

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында облыстық онкология диспансері бас дәрігерінің орынбасары Руслан РЫСҚАЛИЕВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті. Әңгіме өзегі «Қатерлі ісік ауруларының алдын алу – денсаулыққа жасалған қамқорлық» тақырыбында өрбіді.

- Атырау облысында өткен жылы қатерлі ісікпен сырқаттанушылардың арасында бірінші орында – өкпе обыры (16,5%), екінші орында – сүт безі обыры (15,0%), үшінші орында – асқазан обыры (11,5%), төртінші орында – жатыр мойын обыры (10,2 %) және соңғы орында – тік ішек обыры (7,6 %) тұр, - деді Р.Рысқалиев.

Онкологиялық ауру дер кезінде анықталған жағдайда, оның алдын алуға болады. 2008 жылдан бері Қазақстанда ауруды анықтау үшін ұлттық скинингтік бағдарлама енгізілген. Басты мақсат – ауруды  ерте анықтау.

Анаргүл МЕРСАДИКОВА, АМУ-дың 4-курс студенті 

14 ақпан 2017, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.