Атырау, 22 ақпан 02:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды

2 632 рет қаралды

Түрікменстанның қазіргі басшысы Гурбанғұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды, - деп хабарлайды РИА Новости Орталық сайлау комитетінің алдын ала мәліметтеріне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Гурбанғұлы Бердімұхамедов сайлауда 97,69 пайыз дауыс жинаған. Айта кетейік, президент сайлауына 8 үміткер қатысқан.

Заң бойынша, Түрікменстан президенттіне үміткер дауыс берушілердің жартысынан көп дауыс жинау керек.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 14 қыркүйегінде қабылданған Түрікменстанның жаңа Конституциясына сәйкес, президенттік өкілеттіктің 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылғаны және президент болу үшін 70 жасқа дейінгі шектеудің алынып тасталғаны айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 ақпан 2017, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.