Атырау, 27 қараша 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-дың ядролық сынақ өткізуін бүгін талқылайды

2 392 просмотра

Фото: © EPA/KCNA EDITORIAL USE ONLY

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянның баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу мәселесін Нью-Йорк уақытымен 17:00-де талқылайтын болады.  Бұл туралы БҰҰ дипломаттары хабарлады. 

Дүйсенбі күні БҰҰ ҚК Украина бастамасымен қарулы қақтығыстар жағдайында инфрақұрылымның аса маңызды нысандарын қорғау жөнінде пікірталастар өткізеді. Осыдан кейін, дипломаттардың хабарлауынша, жабық консультациялар түрінде Корей түбегіндегі жағдай талқыланады, деп жазды «РИА Новости» агенттігі. 

Еске салайық, жексенбі күні КХДР әрекет ету радиусы орташа "Пуккыксон-2" ("Темірқазық-2") баллистикалық ракетасын сынады. Кореяның Орталық телеграфтық агенттігінің хабарламасын келтіре отырып Рёнхап-тың хабарлауынша, «жер-жер» санатындағы аталмыш стратегиялық зымыран сынақтан сәтті өтті. 2006 жылдан бері Пхеньян бес ядролық сынақ және ракеталық ұшырылымдардың сериясын іске асырды. 2016 жылдың өзінде КХДР екі ядролық сынақ жасап, бірнеше зымыран ұшырды, соның ішінде сүңгуір қайықтардан баллистикалық зымырандардың тестілік ұшырылымдары жасалды. 2017 жылдың басында ел билігі құрлықаралық зымырандарды жетілдіру жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. 

АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея КХДР-дың ракета ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


13 ақпан 2017, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.