Атырау, 8 желтоқсан 16:06
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

БҰҰ Бас хатшысы: Исламофобиялық саясат - терроризмді тұтатушылық

2 475 рет қаралды

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриштің (суретте) сөзінше, исламофобия халықаралық деңгейде терроризм мен егеске себепші болады. Бұл туралы ол 12 ақпанда Эр-Риядта Сауд Арабиясының королімен және осы елдің басқа да билік өкілдерімен кездесуінде айтты.

"Әлемнің кейбір аймақтарындағы исламофобиялық көңіл-күй, исламофобиялық әңгіме мен саясат - терроризмді тұтатушы проблемалардың бірі. Кейде бұлар "Ислам мемлекеті" ұйымының өз үгіт-насихатын таратуына қолдау көрсетеді" деді Гутерриш.

Мигранттарға қарсы пікірлер қатқыл айтылатын елдердің бірі - Францияда президенттікке басты кандидаттардың бірі Марин Ле Пен. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда мұсылмандар басым тұратын жеті ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салатын жарлық шығарған.

Дереккөз: Азаттық

13 ақпан 2017, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.