Атырау, 27 қараша 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жылу кімдер үшін және қалай қымбаттайды

2 718 просмотра

2015 жылдың желтоқсанында біз 2016-2020 жылдар аралығында жылу тарифінің біртіндеп көтерілетіндігі туралы Жылу 19 теңгеге қымбаттайды, жарық тарифі бұрынғыша қалады») хабарлаған едік. Алайда 2017 жылдың қаңтарынан бастап Атырау ЖЭО-ның жылумен қамту қызметінің қымбаттауы кейбір тұрғындарды абыржытып тастады. Біз ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің басшылығынан тарифтің көтерілу себебін түсіндіруді өтіндік.

10 ақпанда «АЖ» сауалына департамент басшысының орынбасары Әлсейіт САБЫРОВТЫҢ қолы қойылған жауап келді.

«2015 жылдың 23 қарашасындағы департамент бұйрығымен 2016-2020  жылдарға «Атырау ЖЭО» АҚ-ның реттелетін қызмет (жылу энергиясын өндіру және қамасыз ету) тарифтерінің шекті деңгейін төмендегі мөлшерде (барлық жерде ҚҚС-пен) 2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу бекітілді:

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап – бір Гкал үшін 6 563,65 теңге, 2017 жылға – бір Гкал үшін 7 055,46 теңге, 2018 жылға – бір Гкал үшін 7 137,25 теңге, 2019 жылға – бір Гкал үшін 7 680,06 теңге, 2020 жылға – бір Гкал үшін 7 885,22 теңге.

Бұл тарифтер кәсіпорынның 2016-2020 жылдары қолданыстағы қуаттылықтарды қайта жарақтауға және қолдауға бағытталған 1 млрд 18 млн  теңге сомадағы  инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруды, сонымен қатар, «Атырау ЖЭО» АҚ жаңа активтерін құруды қарастырады.

Мұнда жылумен қамту қызметі тарифтерінің қолданыстағы есептеу әдістемесіне сәйкес тұрғындар үшін дифференциялды тарифтер төмендегі мөлшерде қолданысқа енгізілді: ортақ жылу есептегіштері бар тұтынушылар үшін: 2016 жылға – ҚҚС қосқанда 1 Гкал үшін 3 324,95 теңге, 2017 жылға – 1 Гкал үшін 4 203,32 теңге (26,4%-ға өскен), 2018 жылға – 1 Гкал үшін 4 683,43 теңге (11,4%-ға өскен), 2019 жылға – 1 Гкал үшін 5 273,99 теңге (12,6%-ға өскен), 2020 жылға – 1 Гкал үшін 5 592,57 теңге (6%-ға өскен);

ортақ жылу есептегіштері жоқ тұтынушылар үшін: 2016 жылға (бір шаршы метр үшін теңгемен) – 130,9, 2017 жылға – 141,64 (8,1%-ға өскен), 2018 жылға - 143,62 (1,4%-ға өскен), 2019 жылға - 155,89 (8,5%-ға өскен), 2020 жылға – 161,06 (3,3%-ға өскен);
тозығы жеткен, апатты және барак типті үйлерде тұратын тұтынушылар үшін (бір шаршы метр үшін теңгемен): 2016 жылға - 109,16, 2017 жылға – 118,03 (8,1%-ға өскен), 2018 жылға - 119,69 (1,4%-ға өскен), 2019 жылға - 129,9 (8,5%-ға өскен), 2020 жылға - 134,22 (3,3%-ға өскен).

Бір текше метр ыстық су үшін төлемақы (теңгемен) төмендегі мөлшерді құрайды: 2016 жылға –202,56, 2017 жылға – 219,03 (8,1%-ға өскен), 2018 жылға – 222,10 (1,4%-ға өскен), 2019 жылға – 241,05 (8,5%-ға өскен), 2020 жылға - 249,06 (3,3%-ға өскен).

30 шаршы метр алаңы бар пәтерді жылыту төлемақысын есептеу үлгісі мынадай: ортақ жылу есептегіші жоқ тұтынушылар үшін: 2016 жылға – 3 929,85 теңге, 2017 жылға – 4 249,39 теңге (айырмашылық 319,5 теңге), 2018 жылға – 4 308,86 теңге (айырмашылық 59,47 теңге), 2019 жылға –4 676,78 теңге (айырмашылық 367,92 теңге), 2020 жылға – 4 832,01 (айырмашылық 155,23 теңге); тозығы жеткен, апатты және барак типті үйлерде тұратын тұтынушылар үшін: 2016 жылға – 3 274,99, 2017 жылға –3 541,10 теңге (айырмашылық 266,11 теңге), 2018 жылға – 3 590,83 (айырмашылық 49,73 теңге), 2019 жылға – 3 897,26 (айырмашылық 306,43), 2020 жылға – 4 026,62 (айырмашылық 129,36 теңге)».

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

 

12 ақпан 2017, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.