Атырау, 27 қараша 21:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жаңа Зеландия жағалауына 400 дельфин шығып қалған

Бейнежазба
3 534 просмотра

Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралында жағалауға 400-ден аса дельфин шығып қалған, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Radio New Zealand радиоарнасына сілтеме жасап. 

Көбісі өліп қалған, алайда құтқару жұмыстарына қатысқан еріктілер 100-ге жуық делфинді аман алып қалды. Құтқарылған дельфиндер әлі де айлақта жүзіп жүр, қайық мінген құтқарушылар оларға ашық теңізге шығу үшін дұрыс бағыт беріп жүр. Жаңа Зеландияда көп мөлшерде киттер мен дельфиндердің жаппай қырылуы бірінші рет болып тұр.

"Жаңа Зеландия киттер мен дельфиндердің өзін-өзі жағалауға "лақтырып жіберетін" жеріне айналған. Ғалымдар осы құбылысты, яғни киттер мен дельфиндердің өздерін өлтіруге не себеп екенін әлі анықтаған жоқ. Негізінде, бір дельфин жағалауға шығып қалып жатса, басқалары міндетті түрде оған көмек берді, - деп жазады басылым.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 ақпан 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.