Атырау, 27 қараша 21:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ апелляциялық соты Трамптың миграция туралы жарлығын қолдамады

2 709 просмотра

Фото: Reuters

АҚШ апелляциялық соты президент Дональд Трамптың елге босқындар мен мұсылмандар басым тұратын жеті ел азаматтарының кіруіне уақытша тыйым салу туралы жарлығын күшінде қалдырудан бас тартты. Сан-Францискодағы үш судьядан тұратын апелляциялық алқа кеңесі федералдық соттың Дональд Трамп жарлығының күшін тоқтатқан шешімін күшінде қалдыруды бірауыздан қолдады,- деп хабарлады Азаттық.

Енді Ақ үй апелляциялық сот шешіміне Жоғарғы сотқа шағымдануы мүмкін. Себебі Трамп сот шешіміне қатысты Twitter-де "Сотта кездесеміз, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр" деп жазды.

Апелляциялық сот АҚШ үкіметі Трамп жарлығын дереу қалпына келтіру қажетігіне қатысты дәлел ұсынбады деп, соттың президенттің миграциялық саясатын қайта қарайтын заңдық құзыреті жоқ деген уәжін қабылдамай тастады.

Судьялар тыйымға қарсы шыққан штаттар діни кемсітушілікке қатысты күрделі мәселелерді көтергенін, ал Трамп әкімшілігі қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнетініне дәлел келтіре алмағанын айтты. Соттың ұйғарымынша, Ақ үй тйым салынған жеті мұсылман елі - Иран, Ирак, Судан, Сомали, Ливия, Йемен және Сирия азаматтарының АҚШ-та терактілер жасағанын дәлелдей алмады.

Дереккөз: Азаттық

10 ақпан 2017, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.