Атырау, 28 қараша 00:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Екі ауданда сабақ уақытша тоқтатылды

2 393 просмотра

Бүгін, 9 ақпан күні ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты облыстағы Индер және Қызылқоға аудандарында 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ уақытша тоқтатылды. Бұл аудандарда күннің суықтығы қазір -27-28 градусқа дейін жетіп отыр.

- Мұндай бет қаратпайтын үскірік аязда балалар үшін мектепке қатынау қиын, бетін не қолын үсіріп алуы мүмкін. Ата-аналар да балалардың суыққа төзімсіздігіне абыржып, жиі хабарласа бастады. Осыдан кейін біз бастауыш сынып және мектеп алды даярлық топтағы балаларды бір күндік сабақтан босатудамыз. Егер ақпанның 10-ы күні аяз сол күйінде тұрса, уақытша тағы бір күндік демалыс жарияламақпыз. Барлық мектепке хабарлама жіберіліп отыр, - дейді Индер ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қымбат КӘРІМ.

Айта кету керек, ауданда барлығы 15 мектеп бар, cоның ішінде бастауыш сынып оқушылары мен мектепалды даярлық тобына баратын балалардың саны 2000-нан асады.

Ал Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді БАҒДАРОВТЫҢ айтуынша, бүгін әзірге бір күнге 1-4 сыныптарда арасында күн суықтығына байланысты сабақ тоқтатылған. Ауданда бастауыш сыныпта оқитын 2 200 оқушы бар.

Қалған бес ауданда (Жылыой, Құрманғазы, Исатай, Мақат, Махамбет) ауа температурасы 21-23 градусты көрсетіп отыр екен. Аудандардағы білім бөлімінің мамандары күн онша суық болмағасын сабақты тоқтатпаған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 ақпан 2017, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.