Атырау, 27 қараша 21:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ЕО Навальныйдың сотталуын айыптады

2 583 просмотра

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйге "Кировлес" ісі бойынша шыққан сот үкімін "Ресейдегі саяси плюрализмді шектеп, елдегі демократиялық процестердің шынайылығына қатысты күмән тудырады" деп мәлімдеді. ЕО сыртқы саясат жөніндегі ведомствосының мәлімдемесінде 8 ақпанда Навальныйге шыққан сот үкімін "Ресейдегі тағы бір саяси тәуелсіз ой-пікірді тұншықтыру әрекеті" деп атады,- деп хабарлады Азаттық.

Кеше Киров қаласының Ленинский аудандық соты Навальныйды "Кировлес" ісі бойынша бес бес жылға шартты түрде соттап, төрт жылға сынақ мерзімін тағайындап, 500 мың рубль айыппұл төлеуге үкім кескен. Сот Навальныйды қаржы жымқырды деп айыптаған.

Онымен бірге істі болған кәсіпкер Петр Офицеров төрт жылға шартты түрде сотталған.

Сот үкімі Навальныйды президент сайлауына түсу мүмкіндігінен айырады. Заң бойынша, ауыр қылмысы үшін сотталғандар жаза мерзімі өтелген соң немесе сотталғаны туралы ісі жойылған соң бес жылға дейін сайлауға қатыса алмайды.

Навальныйдың өзі сайлау кампаниясын жалғастыра беретінін және сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеді.

Навальный мен Офицеров "Кировлес" ісі бойынша бұған дейін 2013 жылы 18 шілдеде де сотталған. Кейін Киров облыстық соты олардың жазасын шартты жазаға ауыстырып, 500 мың рубль айыппұл төлеуге үкім еткен.

Дереккөз: Азаттық

9 ақпан 2017, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.