Атырау, 28 қараша 00:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Маусым штаттық режимде өтуде

2 426 просмотра


Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті
2017 жылдың 7 ақпанындағы ахуал бойынша жылу маусымынан өтіп жатқаны туралы баянат берді.

2016-2017 жж. жылу маусымы штаттық режимде өтуде. Өңір тұрғындарын жылумен қамту бекітілген температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

«АЖЭО» АҚ-да 11 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат (резервте 3 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегат) жұмыс істейді, электр энергиясының дәргейдегі (максималды) қуаттылығы 314 Мегаватт, генерациясы (факті бойынша) – 262 МВт.

Газ шығыны тәулігіне 2 694 161 текше метрді құрады. Қоймада 5 күнге жететін 5 273 тонна мазут қоры бар. Жылу беру және өңдеу жүйесіндегі ыстық судың іс жүзіндегі температурасы тиісінше +86 және +46 градусты құрайды.

АМӨЗ ЖЭО-на 7 қазандық агрегаты мен 4 турбоагрегат қосылған, электр энергиясының дәргейдегі қуаттылығы - 30 Мегаватт, генерациясы - 28,8 Мегаватт. Газ шығыны – тәулігіне 390 341 текше метр. Мазут қоры – 10 күнге 1 275 тонна.

«Қашаған» электр стациясында 4 турбоагрегат (резервте 2 турбоагрегат) жұмыс істейді. Электр энергиясының дәргейдегі қуаттылығы - 241,56 Мегаватт, генерациясы - 130 Мегаватт. Газ шығыны – тәулігіне 930 556 текше метр.

2016-2017 жж. өткен қысқы маусымда Атырау облысындағы энегетикалық кәсіпорындарда технологиялық бұзылушылықтар орын алған жоқ, - делінген хабарламада.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 ақпан 2017, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.