Атырау, 14 қазан 21:28
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Мұз бен қар жамылған Атырау

Сурет Бейнежазба
3 832 просмотра


Бұл күндері Атырау көшелері мен аяқжолдарды мұз басты. Облыстық аурухананың травматологиялық пунктінде пациенттер саны күрт өскен.

Соңғы екі күнде дәрігерлерге 170-тен астам қала тұрғындары жүгінген. Бұл әдеттегіден 4 есеге көп. Диагноздары – жеңіл жарақат пен буын созудан бастап сыныққа дейін. Омыртқасы, жамбасы және иық буыны сынған 10 адам травматология бөлімшесіне жатқызылған. Миы шайқалған 7 адам шұғыл нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды.


«Арнаулы автобаза» 320 қызметкердің Атыраудың орталық көшелерін қызу тазартып жатқанын хабарлады. Бүкіл арнайы техника жұмылдырылып, соңғы тәуліктер ішінде 1 392 текше метр қар шығарылған.

Алайда аяқжолдардың көпшілігі қар мен мұз құрсанған күйде жатыр. Ал жаяу жүргіншілерге өздеріне сүрлеу салуға тура келген. Орталық көпірде де осындай көрініс. Тазалаушылар жағалауға көптен келмеген. Көп жерлер қар мен мұздың қалың қабатын жамылған. Облыстық әкімдік алдындағы алаңды да қар басқан.


Марат ТАКУЛИН

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор

8 ақпан 2017, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.