Атырау, 28 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Айыппұл төлемедіңіз бе? Онда бізді үйден күтіңіз!

2 944 просмотра

30 қаңтардан бастап Атырауда әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру үшін прокуратура, ішкі істер, әділет органдарының және жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының қызметкерлері бірлескен жұмыс тобы жұмыс жасай бастайды.

Облыстық прокуратураның баспасөз хабарламасында жұмыстардың екі бағытта жүргізілетіні хабарланады: учаскелік полиция инспекторлары мен сот орындаушылары борышкерлердің пәтерлерін аралайды және қала көшелерінен борышкер жүргізушілердің көліктерін ұстайды.

Құқық бұзушыларға дәл қазір терминал немесе таяу маңдағы банктің кассалық бөлімшесі арқылы айыппұл төлеу мүмкіндігі ұсынылады. Олай етпеген жағдайда, көлік айыппұл тұрағына қойылып, борышкер 10 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі жаза қарастырылатын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 ақпан 2017, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.