Атырау, 28 қараша 00:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мектептер әдеттегі режиммен жұмыс істеуде

2 217 просмотра

Бүгін түнде Атыраудағы сынап бағанасы -25 градусқа дейін төмендеді. Солтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жел соққандықтан суық едәуір білінеді. Мәселен, менің смартфонымдағы мобильді қосымша бізде 36 градус аяз бар деп көрсетіп тұр.

Білім беру мекемелерінде сабақтардың болмау ықтималдылығы туралы сұрағымызға қалалық білім беру бөлімі оқу процесінде ешқандай өзгерістер жоқ екендігін түсіндірді.

Біз ТЖ департаментінен сабақтарды өткізбеу туралы ұсынымдар алған жоқпыз. Тиісінше, мектептер әдеттегі режиммен жұмыс істеуде, - деп хабарлады білім беру бөлімі басшысының орынбасары Алмабек АБДОЛОВ.

Өз кезегінде Атырау облыстық ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөліміндегілер мұндай сипаттағы ұсынымдарды хабарлау олардың құзырына кірмейтінін түсіндірді:

Білім беру министрлігінің нормативтік құжаттары бар, соның негізінде жергілікті білім беру органдары қандай ауа-райы жағдайында сабақтарды өткізбеген жөн екенін өздері анықтайды. Біз өз кезегімізде Қазгидрометтің дауылдық ескертулерінің негізінде ауа-райының нашарлайтыны туралы хабарлап, sms-хабарламалар таратымыз. Мәселен, температураның -25 градусқа дейін төмендеуі туралы барша жан өткен демалыс күндері хабардар болды.

gismeteo.ru сайтының мәліметтері бойынша, Атырауда 14 ақпанға дейін түнде -21-ден -25-ке дейін және күндіз -11-ден -18-ге дейін аяз сақталады. Тек 15 ақпанда ауа-райы түнде -16 және күндіз -6 градусқа жылынады.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

8 ақпан 2017, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.