Бұл суретті оқырманымыз бүгін, 7 ақпанда жолдап, «Балықшы көпірінің көлік жолында секцияның темір қосқышы сорайып шығып тұр. Шамасы, трактормен қар тазалаған кезде майыстырып тастаған болуы керек. Көліктер әзер айналып өтуде» деп жазыпты.
Қалалық қызметтер әзірге бұл қауіпті елемей отыр. Ал бұл нәрсе көліктерді жырып қана қоймай, айтарлық жол апаттарына себеп болуы мүмкін. Мен қас қарайған шақта көпір үстімен әдейі өттім. Кешкі сағат жетілерден кейін кедергі әлі сол жерде болды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ