Атырау, 27 қараша 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БАҚ: Саркози сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты сотқа тартылады

1 700 просмотра

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сайлау кампаниясын заңсыз қаржыландыру ісіне қатысты сотқа тартылады деп хабарлады сот органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған агенттіктер.

Прокурорлар Саркози 2012 жылы президент сайлауы науқанына жұмсалатын шығын көлемінің межесін 22,5 миллион еуродан асырып, Bygmalion фирмасының жалған төлем жасалған туралы чектерін пайдаланып 24 миллион еуро жұмсаған дейді.

Тергеу деректері бойынша, қоғаммен байланыс компаниясы сол кезде президент болып тұрған Саркозидің оңшыл Халықтық қозғалыс одағы партиясына 18 миллион еуро аударған. Бұл партиясына кейін атауын Республикашыл партия деп өзгерткен.

Компания басшылығы алаяқтық пен жалған төлем түбіртектерін жасау фактілері болғанын мойындаған, бірақ Саркози артық шығын жұмсалғанына хабарсыз болғанын айтады.

Николя Саркози 2012 жылы Франция президенті сайлауында Франсуа Олландтан жеңілген. Ол биыл өтетін президент сайлауына қайта тіркеле алмады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 ақпан 2017, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.