Атырау, 28 қараша 00:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Құлсарыда да қаңғыбас иттер өріп жүр

5 249 просмотра

Құлсары қаласының тұрғындары қаңғыбас иттердің көбейіп кеткеніне шағымданды. Көшеде емін-еркін жүру қауіпті болып барады, дейді олар. Әсіресе балалары үшін алаңдайды.

- Балаларымыз таңертең ерте мектепке барғанда немесе кешке қайтқан кезде иттер шұбырып жүреді, оның қайсысы асыранды, қайсысы иесіз екенін айыру қиын. Ал жақында Атырауда баланы иттер талап тастаған жоқ па? Неге билік тиісті шарасын алмай отыр? - дейді Құлсары қаласында тұратындардың бірі.

Біз Жылыой аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Данияр АЙТПЕНБЕТТЕН комментарий беруін сұрадық:

- Жұртшылықтың алаңдауы орынды. Бұл мәселе әкімдікте өткен жиында да сөз болды, - дейді Д.Айтпенбет. – Қаңғыбас иттерді атуға тендер жарияланып, өткізілді. Сол кезде ит ататын жеңімпаз табылды. Жеңімпазға бір итті атқаны үшін 960 теңге төленеді. Соңғы үш күнде 172 ит атылды. Өткен жылы 2 178 ит атылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті Құлсары қаласының тұрғыны түсірген  

7 ақпан 2017, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.