Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында азамат М.М.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2016 жылдың қазанында М.М. Атырау қаласындағы азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп, сөреге жақындаған. Дүкенде сатушыдан басқа ешкім жоқ екенін түсінген ол қойнынан балғаны суырып алып, сөреден секіріп түсіп, сатушының басынан балғамен ұра бастаған. Содан кейін есінен танып қалған әйелді қосалқы үй-жайға сүйреп апарып, оған асүй пышағымен бірнеше жарақат салған. Осыдан кейін ол кассадан ақшаны алып, ғайып болады. Алынған зақым салдарынан зардап шегуші ауруханада көз жұмды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының кінәсі дүкенде орнатылған бейнебақылау камерасындағы жазбамен расталды. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қылмыс жасаған кезде М.М. «параноидті шизофрения» жүйке сырқатына шалдыққан және өз әрекеттеріне есеп бермеген. Сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылып, М.М.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы (Алматы облысы Талғар ауданының Ақтас поселкесінде қарқынды бақылаудағы арнайы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі ем алу) қолданылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ