Атырау, 27 қараша 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Меркель екі партия атынан канцлерлікке кандидат ретінде ұсынылды

1 829 просмотра

Германияның Христиан-демократиялық одағы (ХДО) партиясы мен оның бавариялық Христиан-социалистік одағы (ХСО) партиясындағы серіктестері Ангела Меркельді (суретте) қыркүйекте өтетін бундестаг сайлауына ортақ кандидат етіп ұсынды. DPA агенттігінің хабарлауынша, мұндай шешім 6 ақпанда екі партия президиумының бірлескен отырысында қабылданған,- деп хабарлады Азаттық.

Парламенттік басқарушы коалицияда жетекші саналатын ХДО мен ХСО блогы миграциялық дағдарысқа қатысты алауыздықтың алдын ала білді. ХСО жетекшісі әрі Бавария премьер-министрі Хорст Зеехофер бұған дейін Меркельдің босқындар мен мигранттарға қатысты саясатын тлай рет сынап, оның кандидатурасын ортақ ұсынуды мигранттарды қабылдау лимитін шектеумен байланыстырған. 6 ақпанда ол Меркельдің кандидатурасын қолдауға ресми түрде келісті.

"Біз сайлау кампаниясына бірге кірісеміз" деді Хорст Зеехофер Меркельмен екі күндік келіссөзден соң. Онымен бірге тұрған Меркель ХДО мен ХСО 2015-2016 жылдардағыдай бір миллионнан асатын мигрант келген жағдай енді қаталанбауы тиіс екеніне келіскенін мәлімдеді.

Меркель өткен жылы қарашада төртінші мерзімге сайлауға түсу ниеті барын мәлімдеген. Ол 2016 жылдың желтоқсанында ХДО партиясының съезінде осы партиядан канцлерлікке кандидат болып бекітілген.

Дереккөз: Азаттық

7 ақпан 2017, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.