Атырау қаласы әкімдігінің сайтында белгілі бір мекенжайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмысы туралы ақпарат пайда болды.
Орталық 50 кереуетке арналған, онда 10 тұрғын бөлме мен изолятор жабдықталған. Мекеме белгілі бір мекенжайы жоқ тұлғаларды қабылдаумен, олар үшін жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеумен, уақытша тұру мен тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысады.
2013 жылдың наурызынан бастап бұл жерде өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдар қолдана алатын түнгі орналасу бөлімшесі ашылды. Түнеу орны үшін 10 кереует бөлінген. Бұдан басқа, 2014 жылдың сәуірінен бастап әлеуметтік патруль қызметі жұмыс істейді. Қызметкерлер белгілі бір мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтаумен және оларды Орталыққа жеткізумен айналысады.
2016 жылы Орталық қызметін 9 952 адам (оның 105-і әлеуметтік патруль желісі бойынша) пайдаланған. Үш адам жұмысқа орналасып, 12-сіне жеке бас куәлігі ресімделген, бесеуіне жасы бойынша зейнетақы тағайындалған.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ