АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды "террористік елдер тізімінде бірінші" болып тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости саясаткердің Fox News басылымына берген сұхбатына сілтеме жасап.
"Иран біздің елді мүлде сыйламайды. Ол террористік елдер қатарында бірінші болып тұр. Бұл ел қаржысын қарулануға жұмсап отыр", - деді Трамп. Осыған байланысты АҚШ президенті Иранға қатысты санкциялар қолданатынын жеткізді. "Біз мұны бастап кеттік", - дейді ол.
Сонымен қатар, ол өз әрекеттері туралы алдын ала ескертпейтінін айтады. "Маған Барак Обаманың Мосулға немесе басқа жерге әскер жіберетінін алдын ала хабарландыратыны ұнамайтын. Олар уақыты мен күнін атайды. Мен мұндайдың тиімді екеніне мүлде сенбеймін", - дейді Дональд Трамп.
Дереккөз: Tengrinews.kz