Атырау, 28 қараша 00:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Прокуратура: «Жұмыстан шығып кеткендер қайтадан жұмысқа тұруға ниет білдіруде»

2 148 просмотра

Көрнекі сурет

Бүгін, 3 ақпанда Теңіз кенішінде жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп, ереуілдеткен «Кентек Казахстан Техникал Сервисез» ЖШС-нің 120 жұмысшысының жаппай жұмыстан шығып қалуына байланысты біздің облыстық прокуратураға жолдаған ресми сауалымызға жауап келді.

«Жұмыс берушінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні 90 жұмысшы өз еріктерімен жұмыстан босату туралы арыз берген және басқа жұмысшылар да осы тектес өтініш жазуға ерік білдіруде.

Жұмысшылардың вахталық 28 күнге орташа еңбекақысы 185 000 теңгеден 344 000 теңгеге (атқаратын лауазымдарына сәйкес) дейінгі мөлшерді құраған және жұмыс берушімен тағы да 12 пайызға еңбекақы мөлшерін көтеру туралы шешім қабылданған.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізу туралы облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тапсырылған.

Қазіргі уақытта жұмыс беруші жұмыстан шыққан адамдардың орнына жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдамаған. Сондай-ақ, жұмыстан шығып кеткен жұмысшылар қайтадан жұмысқа тұруға ниет білдіруде.

Осы оқиғаға дейін Серіктестік жұмысшылары еңбекақыны көтеру туралы жазбаша өтініш білдірмеген.

Аталған еңбек ұжымындағы ахуал облыстық прокуратураның бақылауында».

Облыс прокурорының орынбасары Бауыржан САУҒАБАЕВ

3 ақпан 2017, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.