Атырау, 28 қараша 00:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

2017 жылдың облыс бюджеті - 218 млрд 607 млн теңге

Сурет
3 904 просмотра


Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында мемлекет басшысының халыққа жолдауына арналған жиында айтты.

- Қала және аудан әкімдеріне бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын және уақытылы игерілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді Ноғаев. - Өткен жылы облыс бюджетінің шығыстары 99,8 пайызға орындалды, (234 млрд 138,8 млн теңге жоспарланып, 233 млрд 753,9 млн теңге игерілді), игерілмеген қалдық 384,8 млн теңгені құрады.

2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жаңа бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен қаладағы кәсіпкерлерді шағын несиелеу үшін 210 млн теңге және осы несиелерді ішінара кепілдендіруге 97 млн теңге бөлініп отыр.

Ноғаев президент жолдауындағы маңызды тармақтардың бірі - жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне де тоқталды.

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес,  халық саны 2000 адамнан асатын округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны 2000 адамнан аз округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілмек. Осыған байланысты орынбасарым ӘЖІҒАЛИЕВА Айгүл Теміртасқызына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, - деді Ноғаев. - Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту - экономикалық өркендеудің, азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірден-бір шарты болып табылады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қалада (Береке және Нұрсая ықшамаудандарында) 61 760,4 шаршы метр алаңды құрайтын 36 тұрғын үй (1 152 пәтер) салу жоспарланып отыр. Оның ішінде осал топқа жататын азаматтарға берілетін сегіз жалдамалы тұрғын үйдің жобасы жасақталуда  (барлығы - 576 пәтер). Жобаның аяқталу мерзімі - 2017 жылдың мамыр айы.

Облыс орталығында «Самал» ықшам ауданынан жалпы алаңы 34 га болатын жеке тұрғын үйге арналған 228 жер телімін, сондай-ақ, бір-бір жер телімінен балабақша, емхана, әкімшілік ғимараты, спорт кешені құрылыстары мен аллея салуға бөлу жоспарланып отыр.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

3 ақпан 2017, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.